30 қаңтар 2020 14:24

Министр қазақстандықтардың жалақысы өсетінін болжады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

2023 жылы қазақстандықтардың ең төменгі жалақысы елдегі орташа жалақының 30 пайызы, яғни 70 мың теңгеден төмен болмайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


2023 жылы қазақстандықтардың ең төменгі жалақысы елдегі орташа жалақының 30 пайызы, яғни 70 мың теңгеден төмен болмайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Кейтц индексі деген көрсеткіш бар. Бұл орташа жалақыға ең төменгі еңбекақы мөлшерінің қатынасы. Бізде ол 23 пайыз болып тұр, біз көптеген елден қалып тұрмыз. Біз 2023 жылдың басында ең төменгі жалақы сол кездегі орташа жалақының 30 пайызынан кем болмауы үшін қамданып жатырмыз. Егер 2023 жылы орташа жалақы 224 мың теңге болса, ең төменгі жалақы 70 мың теңгеден кем болмауы тиіс", - деді Нұрымбетов Мәжіліс кулуарында.

Министр ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі қаралатынын айтты.

"Бізде 1,2 миллион бюджеттік қызметкер бар, олардың жалақысы әр түрлі өзгереді. Ал жеке секторға қатысты айтар болсақ, өнеркәсіпте жұмыс уақытының жиынтық есебі бар разрядты коэффициенті бар. Өндірістік кәсіпорындарда минимал жалақы - бұл тарифтік мөлшерлеменің бірінші разряды. Тарифтік мөлшерлеменің екінші, үшінші және тағы басқа разрядтары бар. Және олар разряд аралық коэффициентке байланысты болады. Сондықтан ең төменгі жалақыны көтеру басқа дәрежелердің өсуіне ықпал етіп, бұл жалпы елдегі жалақының өсуіне алып келеді", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети