27 мамыр 2020 11:23

Министр коронавирус өршіп тұрған 7 өңірді атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанның 7 өңірінде коронавирус өршіп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанның 7 өңірінде коронавирус өршіп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Біртанов соңғы екі аптада ТЖ режимі аяқталғаннан бері Қазақстанда 3,5 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталғанын айтты. Оның айтуынша, бұл өңірлерде өсім 5 пайызды көрсетіп тұр.

"Кей өңірлерде көрсеткіш жоғары. Атырау, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай, Түркістан облыстарында, БҚО-да және Шымкент қаласында коронавирус өршіп тұр", - деді денсаулық сақтау министрі.

Біртанов мұны кәсіпорындарда ұжым арасында науқастардың көбеюімен байланыстырып отыр.

Осыған дейін министр қазақстандықтар қауіпсіздік шараларын сақтамаса карантин шаралары күшейтілетінін айтқан еді. . Біртановтың айтуынша, осыған дейін екі ай бойы карантин күшейтілгендіктен жақсы нәтижеге қол жеткізілді.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 9304-ке жетті, 4613 адам айығып, 37 адам қайтыс болды.

Жағдай жақсармаса, карантинді күшейтуге тура келеді - Біртанов
 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.44   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети