08 қараша 2023 14:09

Министр Қостанайдағы форумға жұмсалған миллиардтаған қаржыға қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото kostanay-su.kz Фото kostanay-su.kz

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтан екі ел президенттері қатысатын Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығы форумын өткізуге жұмсалған қаражат туралы сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтан екі ел президенттері қатысатын Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығы форумын өткізуге жұмсалған қаражат туралы сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, форумды ұйымдастыруға 11 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Журналистер министрден бұл қаржының неге жұмсалғанын сұрады.

"Мен бұл форуммен айналысқан жоқпын, бірақ қаладағы кез келген инфрақұрылым қала тұрғындары үшін қалады. Іс-шара өтеді, Ресейдің шекаралас аймақтарынан кәсіпкерлер, біздің кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер келеді. Сосын кез келген нысан, оның ішінде визит-орталығы өңірді дамыту үшін қажет. Мәселен, қазір мәселе қонақүйлерге қатысты, өкінішке қарай, облыс орталықтарының көпшілігінде жоқ", - деді Қуантыров.

Министр халықаралық бес жұлдызды қонақүйлер Астана, Алматы, Шымкент, Атырау және Маңғыстауда ғана бар екенін айтты.

"Жақында мен Оралда болдым, онда іс жүзінде жалғыз қонақүй бар", - деп қосты министр.

БАҚ өкілдері Қостанайда ойын алаңдары жоқ екенін және "ақшаны осы мақсатқа жұмсаған дұрыс емес пе" деп сұрады.

"Бұл әкімдікке қойылатын сұрақ. Мен бұл нысандардың қалатынын айтып отырмын, бұл инвестициялық тартымдылық үшін пайдалануға болатын инфрақұрылымдық нысандар", - деді Қуантыров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети