17 қазан 2017 14:45

Министр Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық комиссияға түсірген шағымына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы жағдайды  саясиландырмауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы жағдайды  саясиландырмауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Меніңше, кез келген ел өзінің экономикалық және өзге мүдделерін қорғау қажеттігі туғанда өзінің ішкі шараларын қолданады. Менің ойымша, бірдеңені саясиландырудың қажеті жоқ, тек мүдделі ведомстволармен жұмыс істеу керек. Жедел түрде жұмыс істеп, мәселені шешуге тырысу керек", - деді министр үкімет отырысынан кейін.

Сондай-ақ, министр Сүлейменов Қырғызстанның "Қазақстан Еуразиялық экономикалық комиссия ережелерін бұзды" деген айыптауларының негізсіз екенімен келісті.

"Біз өзіміздің заңнамамыз аясында жұмыс істейміз. Және Еуразиялық экономикалық одақтағы міндеттеріміз аясында жұмыс істейміз. Кез келген тараптың Жоғары Еуразиялық экономикалық одаққа барып, мәселені көтеруге құқығы бар. Менің бірден айтып өткім келетіні, үкіметаралық кеңестің шешімі бәтуаластықпен қабылданады. Яғни, тараптардың бірі ұсынылған шешіммен келіспесе, ол шешім мүлде қабылданбайды. Осыны ескеру қажет", - деп түсіндірді министр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети