Министр менингиттен қайтыс болғандардың туыстарымен кездеседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министр менингиттен қайтыс болғандардың туыстарымен кездеседі © primeminister.kz

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов менингококк инфекциясынан көз жұмғандардың отбасыларына көңіл білдірді және олармен жолығу жоспары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов менингококк инфекциясынан көз жұмғандардың отбасыларына көңіл білдірді және олармен жолығу жоспары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Министр өзінің Алматыға сапарының мән-жайы туралы ашып айтты. 

"Біз марқұмдардың отбасына көңіл айтамыз. Мүмкіндігінше олармен кездесу өткізуге тырысамыз", - дейді ол үкімет отырысынан кейін. 

"Бірінші кезекте республикалық штабпен жоспарланып, анықталған шаралардың іске асырылу сапасын бағалағымыз келеді - ол алдын алу және індетке қарсы аурулар, Қоғамдық денсаулықты сақтау комитеті өткізіп жатыр. Ол қаншалықты нәтижелі өтіп жатқанын. Екінші, халық наразылығын тудырып жатқан медициналық көмекті ұйымдастыру, соның ішінде жедел жәрдемді де тексеру. Бұл Алматы мен Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының жауапкершілігі. Жұмыс жүріп жатыр, сол жұмысқа баға беру қажет", - дейді Біртанов. 

Үкімет отырысы кезінде премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы менингококк инфекциясына қатысты есеп беруді талап етті. Өз есебі кезінде Денсаулық сақтау министрі Алматыға барып, медициналық көмекті ұйымдастыруды тексеру жоспары барын айтты. 

Еске салайық, осыған дейін 13 адам көз жұмған менингококк инфекциясына Қазақстанда карантин әлі жарияланбайды, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов менингиттен вакцинациялауды "тиімсіз әрі шығыны көп" деді.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети