Біртанов менингококк жағдайына байланысты Алматыға келеді

05 Маусым 2018, 11:18
0
Біртанов менингококк жағдайына байланысты Алматыға келеді - © primeminister.kz
© primeminister.kz

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов еліміздегі менингококк инфекциясына қатысты жағдайды тексеру үшін Алматыға келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін жүргізіліп жатқан іс-шаралардың тиімділігін тексеру мақсатында Алматы және Алматы облысына баруды жоспарлап отырмын. Тексерістен кейін қабылданып жатқан шараларға өзгерістер қажет болса, енгіземін", - деді министр үкімет отырысы барысында.

Сондай-ақ, Біртанов қандай жағдайда менингококк инфекциясы індет болып саналатынын айтты.

"Қазақстанда менингококк инфекциясының орта көп жылдық денгейі 100 мың адамға 2,1-ді құрайды. Бүгінде дерттің деңгейі 100 мың адамға 0,3-ке тең. Алматыда осы дерттің орта жылдық көрсеткіші - 4,0, ал дәл қазіргі уақытта Алматыда бұл дерттің деңгейі - 100 мың адамға 1,7-ден келеді", - деді министр.

Осыған дейін премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы менингококк инфекциясына қатысты есеп беруді талап етті. "Жұқтырғандар көбейіп жатыр. Өкінішке қарай, қайтыс болып жатқандар бар. Осының барлығына түсінік беріп отыруды сұраймын. Қолданылып жатқан шаралар жайлы айтып берулеріңізді сұраймын", - деген еді Сағынтаев денсаулық министрі Елжан Біртановқа.

Еске сала кетейік, Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев та елдегі менигитке қатысты жағдайға пікір білдірген болатын. "Менингит инфекциясының таралуы көнуге болмайтын жағдай. Осы профильдегі министрлік кешірілмейтін жайбасарлық пен батылсыздық танытып отыр", - деп жазған еді Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.

Мұның алдында денсаулық сақтау министрі менингококк инфекциясына байланысты карантин жарияланбайтынын айтқан еді. "Менингококк инфекциясын жұқтырғандар мен қайтыс болғандардың санын жасырмаймыз. Қазір карантин жариялаудың қажеті жоқ. (...) Қазақстандықтардан дәрігерлер айтқан кеңестерді тыңдауларын сұраймыз", - деген еді Біртанов.

Сондай-ақ, осыған дейін министр Қазақстанда 2018 жылдың басынан бері менингококк инфекциясынан 12 адамның қайтыс болғанын мәлімдеген еді.


Менингит несімен қауіпті және одан қалай қорғану керек?

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай