06 қазан 2022 12:10

Министр ресейлік мұғалімдердің жұмысқа орналасуы туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Білім министрі Асхат Аймағамбетов ресейлік педагогтерді қазақстандық мектептерге жұмысқа орналастыру туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Білім министрі Асхат Аймағамбетов ресейлік педагогтерді қазақстандық мектептерге жұмысқа орналастыру туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Amanat партиясының съезі кулуарында журналистер министрден елге келіп жатқан ресейлік оқушылар мен мұғалімдер туралы сұрады.

"Мектептерге жұмысқа орналасу талаптары бар. Біз оларды бір жыл бұрын енгізгенбіз. Қазір диплом жеткіліксіз. Еліміздің кез келген азаматы болсын, азаматтығы жоқ болсын, мектепке жұмысқа тұру үшін ұлттық біліктілік сынағынан өткені туралы сертификаты болуы керек", - деді Аймағамбетов.

Министр мұғалім қазақша әдістеме мен бағдарламаны білуі керек екенін айтты.

"Ол өз пәнін жақсы білуі керек. Сондықтан диплом жеткіліксіз, сертификат керек. Бұл - біріншіден. Бәрінде сертификат жоқ. Екіншіден, оқу жылымыз басталып кетті, бос орындар толды, сондықтан бұл сұрақ мүлдем туындамайды", - деп түсіндірді ол.

Аймағамбетов ресейлік оқушыларды қазақ мектептеріне қабылдау жағдайы да бақылауда екенін атап өтті. Оның айтуынша, ешқандай дүрлігу жоқ.

"Біз де оқушылар саны өскенін көріп тұрған жоқпыз. Бұл ақпаратты жинап жатқанымызды, жағдайды бақылап отырғанымызды жасырмаймын. Біз мұндай толқудың мүлдем жоқ екенін көріп отырмыз. Бәлкім, бұл келіп жатқандардың жасы басқа болуымен байланысты шығар", - деп түйіндеді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети