24 қараша 2022 14:08

Министр зейнетақы жинағын пайдалану шегін төмендету ұсынысына жауап берді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров зейнетақы жинағын пайдалану үшін ең төменгі жеткілікті шегін төмендету мәселесі қарастырылып жатпағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров зейнетақы жинағын пайдалану үшін ең төменгі жеткілікті шегін төмендету мәселесі қарастырылып жатпағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ. Ал жеке өзімнің көзқарасыма тоқталсам, мұндай қадамға қарсымын. Өйткені зейнетақы аударымдарын алудың бірінші толқыны бойынша есептеулер жүргізілген кезде, адамдардың тиісті жас санатын қамтамасыз ету үшін белгілі бір есептеулер жүргізілді. Сондықтан зейнетақыға қатысты ең төменгі жеткілікті шекті төмендету зейнетақы жинағын шешіп алуды ынталандыратыны түсінікті. Осының салдарынан болашақта зейнеткерлер үшін зейнетақы төлемдерінің жеткіліксіз болу тәуекелдерін айтарлықтай арттырады", - деді Ә.Қуантыров Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети