27 желтоқсан 2023 17:11

Министрлік "Бағдат Мусиннің отставкаға кететіні" туралы ақпаратқа жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин басқа қызметке ауысатыны туралы ақпарат тарады. Министрліктің баспасөз қызметі бұл ақпаратқа қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин басқа қызметке ауысатыны туралы ақпарат тарады. Министрліктің баспасөз қызметі бұл ақпаратқа қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі бүгінгі күні өз қызметінде. Таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, Мусин бұл қызметке 2020 жылдың 2 қыркүйегінде тағайындалған болатын.

Бағдат Мусин 1983 жылы 3 наурызда Павлодар облысында дүниеге келді. Сүлеймен Демирел атындағы университетті және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген.

2011 және 2012 жылдар аралығында ҚР БАМ Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары болды. 2012 жылдан бастап ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының лауазымын атқарды. 2014 жылдың сәуірінде "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети