Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Министрлік барлық суқоймаларды бақылауға алмақ

01 Сәуір 2014, 12:20
0
©alashainasy.kz
©alashainasy.kz

Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігі еліміздегі суқоймаларға иелік ету формасына қарамай, аталған нысандардың барлығын бақылауға алатын болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаровқа сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, қазіргі кезде "Азаматтық қорғаныс туралы" заң жобасы Сенат депутаттарының қарауында жатыр. "Оның ішінде біз еліміздегі суқоймалардың иелік ету формасына қарамастан, қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігіне аталған нысандарды бақылауға мүмкіндік беретін норманы қарастырдық. Негізі, Қазақстандағы су нысандарының жағдайы сын көтермейді", - деді Үкіметтің бүгінгі отырысында Н.Қаппаров.

Жалпы, бүгінде республика бойынша 465 суқойма бар. Оның тек 75-сі ғана мемлекеттің меншігіне жатады. Ал Көкпекті суқоймасына "Шаңырақ" агрофирмасы" атты жеке меншік компания иелік етіп отыр. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай