07 маусым 2020 17:34

Министрлік бас санитар дәрігердің жаңа қаулысын жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың қаулысына өзгерістер енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың қаулысына өзгерістер енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаулының толық мәтінін мына жерден көре аласыздар.

Құжатқа сәйкес, Қазақстанның Мемлекеттік шекарасын кесіп өтудің 5 күнінен кешіктірілмей берілген ПТР әдісімен зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар COVID-19-ға тексерілгені туралы анықтама берген адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасына шетелден келген барлық адамды 2 тәулікке дейін COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарда оқшауланады.

Сондай-ақ, ЕАЭО елдерінен және Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында өткізу пункттері арқылы келген барлық адамдарға (бұдан әрі – келген адамдар) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтетін орындарда осы қаулыға 43-қосымшаға сәйкес сауалнама жүргізуді және ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеу үшін материал алуды қамтамасыз етсін делінеді.

Келген адамда COVID-19-ға зертханалық тексерудің оң нәтижесі алынған кезде мемлекеттік шекарадағы санитариялық-карантиндік пунктке (бұдан әрі - СКП) іссапарға жіберілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті департаментінің (бұдан әрі – ТКҚСҚБД) маманы COVID-19-ға оң нәтиже туралы ақпаратты қазіргі уақытта сауалнамада көрсетілген маршруттық параққа сәйкес келген адам аумағында болатын ТКҚСҚБД-не береді.

"Вахталық әдіспен жұмыс істейтін, "Теңізшевройл" ЖШС объектілерінен демобилизацияланған адамдар COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін келген орны бойынша карантиндік стационарда 2 тәулікке дейін оқшаулауға жатады, оң нәтижелі адамдар емдеу үшін инфекциялық стационарға ауыстырылады, COVID-19-ға теріс нәтижелі адамдар 12 тәулік бойы үйде (үй карантині) оқшауланады. Үйде оқшаулау үшін жағдай болмаған кезде жергілікті атқарушы органдар айқындаған үй-жайларда оқшаулау ұсынылады", - делінген қаулыда.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети