Министрлік Қытай мандариндерінен тұмау жұғатыны жайлы қауесетке қатысты түсінік берді

26 Желтоқсан 2016, 16:04
0
Министрлік Қытай мандариндерінен тұмау жұғатыны жайлы қауесетке қатысты түсінік берді -

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіндегілер Қытай мандариндерінен тұмау жұғатыны жайлы қауесетке қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тұмау - бұл жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) тобына кіретін тұмау вирусы тудырған тыныс алу жолдарының жедел инфекциялық сырқаты. Инфекцияның ошағы ауру адам болып есептеледі. Ауру түшкіргенде, жөтелгенде, тұмауратқанда ауа тамшылары арқылы жұғады. Бұл сырқат тағам арқылы берілмейді. Тағам өнімдері, оның ішінде мандарин гриптің ошағы мен оны таратудың факторы болып табылмайды, осыған байланысты оны жеу ЖРВИ және тұмауға себеп болып табылмайды", - деп түсіндірді комитет өкілдері.

Сондай-ақ, эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері республикада 200 мың ЖРВИ және тұмау дерегінің тіркелгені, оның ішінде соңғы үш күнде 489 тұмау, 6319 ЖРВИ тіркелгені айтылады. ЖРВИ-мен ауырғандардың басым бөлігі -  14 жасқа (66,2 пайыз) дейінгі балалар.

"ЖРВИ және грипп ауруларын азайту мақсатында республикада нақты жұмыстар атқарылуда. Эпидемияға қарсы жедел шаралар қабылдау мақсатымен ҚР-да 1 желтоқсаннан бастап күн сайын ЖРВИ және тұмау ауруының жағдайы және Қазақстан мен шетелдегі грипп вирусының айналысы туралы мониторинг жүргізілуде", - деді Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіндегілер

Еске сала кетейік, осыған дейін Қытай мандариндерінен тұмау жұғатыны жайлы қауесеттің Қазақстанға да жеткені хабарланған болатын. Таратылып жатқан аудиожазбаларда Қытайдың кішкентай мандариндерінің тұмаудың ауыр түрін тарататыны айтылады. Мұндай мазмұндағы хабарламалар қазақстандықтардың арасында шу шығарып, олар осы аудиожазбаларды бөлісіп жатыр. Сондай-ақ, осыған ұқсас аудиожазбалардың Ресей аумағында да тарап жатқаны белгілі болды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай