21 қазан 2022 16:19

Министрлік өкілі 4 күндік жұмыс аптасына көшу туралы пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов Қазақстанда 4 күндік жұмыс аптасына көшудің кейбір жай-жапсарын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов Қазақстанда 4 күндік жұмыс аптасына көшудің кейбір жай-жапсарын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде Еңбек кодексінде Қазақстанда 40 сағатқа есептелген бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы міндетті саналатын норма бар. Бірақ бұл ретте жұмыс беруші қызметкерлермен келіссөз үстеліне отырып, бұл мөлшерлемені төмендете алады. Бүгінде бұл тек келісімшарт негізінде", - деп түсіндірді Оспанқұлов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

Бұған дейін жарияланған төрт күндік жұмыс аптасына көшу мәселесі министрлікте шынымен де қаралып жатыр, деді комитет басшысы.

"Яғни, бір айда төрт апта бар: бірінші аптада төрт жұмыс күні, екіншісінде - бес, үшіншісінде - алты және төртіншісінде - тағы да төрт күн болуы мүмкін. "Есептік кезең" деген ұғым бар, сағаттардың жалпы саны осы анықтамалық кезеңнен аспауы керек. Ал қалған мәселелерді жұмыс беруші қызметкермен келіссөз үстелінде шеше алады", - деді ол.

2023 жылдан бастап 4 күндік жұмыс аптасына көшуге байланысты барлық түзетулер бойынша сілтемедегі материалдан оқи аласыздар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети