19 маусым 2020 11:21

Мирзиеев Назарбаевқа жеделхат жолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elbasy.kz Фото:elbasy.kz

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Нұрсұлтан Назарбаевқа жеделхат жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Нұрсұлтан Назарбаевқа жеделхат жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Шавкат Мирзиеев Елбасының коронавирус жұқтырғаны туралы хабарды үлкен алаңдаушылықпен қабылдағанын жеткізді.

"Сізге осынау қиын-қыстау уақытта жан-жақты қолдау көрсетуге және жаныңызда болуға дайын екенімді жеткізгім келеді.

Жақын арада Сіздің бұл вирусты жеңіп, сауығып кететініңізге сенімдімін.

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Алла Тағала Сізге зор денсаулық, күш-қуат, ұзақ ғұмыр және жаңа табыс берсін деп тілеймін.

Жақында Өзіңізбен жүздесу мүмкіндігі туады деген үміттемін", - делінген жеделхатта.

Еске салайық, кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың оқшауланып, қашықтан жұмыс істеп жатқаны хабарланған. Оның коронавирусты анықтауға тапсырған сараптамасы оң нәтиже көрсеткен.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети