22 маусым 2020 17:32

Мирзиеев Назарбаевқа қоңырау соқты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elbasy.kz Фото:elbasy.kz

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа қоңырау соқты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа қоңырау соқты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әңгіме барысында Өзбекстан Президенті Елбасына коронавирустық ауруларды тез арада еңсеріп, бауырлас Қазақстан халқының игілігі үшін мемлекеттік қызметке оралуын тіледі.

Тараптар коронавирустық инфекция пандемиясын еңсеруге бағытталған екі ел Үкіметінің шаралары туралы пікір алмасты.

Сондай-ақ, Елбасы мен Шавкат Мирзиеев алдағы кездесулер мен іс-шаралардың кестесін талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентіне жылы лебіздері үшін алғыс айтып, екі ел халықтары арасындағы дәстүрлі достық және тату көршілік өзара қарым-қатынастарды одан әрі нығайтудың ерекше маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети