16 сәуір 2021 09:01

"Миы шайқалған". Жаңаөзенде анасы ұлын оңбай сабаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әлихан Сариев Фото: Әлихан Сариев

Жаңаөзенде анасы ұлын оңбай сабаған, баланың миы шайқалған. 9 сәуірде болған оқиға туралы Жаңаөзен полиция басқармасы баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды инАктау.


Жаңаөзенде анасы ұлын оңбай сабаған, баланың миы шайқалған. 9 сәуірде болған оқиға туралы Жаңаөзен полиция басқармасы баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды инАктау.

Полицейлердің мәліметінше, ауруханаға түскен 16 жастағы жасөспірім туралы Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы полицейлерге хабар берген. Дәрігер медициналық анықтамада науқастың басына соққы жасалғандықтан, миы шайқалғанын жазған.

"Тергеу барысында Жаңаөзен ПБ кәмелетке толмағандар ісі бөлімінің қызметкерлері жасөспірімді анасы ұрып-соққанын анықтады", - деді жергілікті полиция бөліміндегілер.

Қазір жәбірленуші ауруханада емделіп жатыр, онымен психологтар жұмыс істейді. Кейін ол Ақтау қаласындағы бейімдеу орталығының біріне жіберіледі.

"Қалалық білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық қызметкерлері ананы ата-ана құқығынан айыру үшін құжаттар жинап жатыр", - деді басқарма өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети