24 ақпан 2021 12:49

МКК мобильді аударымдарға салық енгізу туралы қауесетке жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Мемлекеттік кірістер комитеті мобильдік аударымдарға салық салынады деген ақпаратқа түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекеттік кірістер комитеті мобильдік аударымдарға салық салынады деген ақпаратқа түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

МКК өкілдері мобильді аудармалар жеке тұлғалар арасында пайдалану үшін жасалғанын және бұл сервис "кәсіпкерлік мақсатқа арналмағанын" атап өтті. Алайда оны кей кәсіпкер "микро және шағын бизнес субъектілері үш жылға салық төлеуден босатылғанына қарамастан, нақты ақша айналымын жасыру үшін" пайдаланады.

Қазір салық қызметкерлері жеке аударымдарды кәсіпкерліктен бөлудің жолын іздеп жатыр. Салық кәсіпкерлерге ғана салынатыны атап өтілді.  

"Тауарлар, жұмыс пен қызметтер үшін төлемдер анықтау жөніндегі жұмыс басталып кетті және ол екінші деңгейдегі банктермен, "Атамекен" ҰКП және бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп талқыланады", - деді Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі.

Еске салайық, YouTube-те банк мобильді қосымша арқылы ақша аударғанда салық алынатыны туралы фейк тараған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети