22 ақпан 2022 09:12

Мобильді аударымдар: жеке тұлғалар 2025 жылдан бастап тексеріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті банктер жеке тұлғалардың мобильді аударымдары бойынша мәліметтерді бергенде қандай көрсеткіштерді ескеретіні жоспарланып отырғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті банктер жеке тұлғалардың мобильді аударымдары бойынша мәліметтерді бергенде қандай көрсеткіштерді ескеретіні жоспарланып отырғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операциялардың критерийлеріне мыналар жатқызылған:

  • жеке тұлға 3 күнтізбелік ай қатарынан банктік шотына ай сайын әр түрлі 100 және одан көп адамнан ақша қаражаттарын алып отыруы.

Салық кодексінің шеңберінде 2025 жылға дейін екінші деңгейдегі банктер мемлекеттік кірістер органдарына мәліметтерді жеке тұлғалардың мынадай санаттары бойынша кезең-кезеңімен береді:

  • 1-кезең.
    2022 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметкерлер мен оларға теңестірілгендер және олардың жұбайлары (зайыптары) бойынша ақпарат беріледі.
  • 2-кезең.
    2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бюджеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайлары (зайыптары), квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары (зайыптары), бойынша ақпарат беріледі.
  • 3-кезең.
    2024 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және олардың жұбайлары (зайыптары), дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары (зайыптары) бойынша ақпарат беріледі.
  • 4-кезең.
    2025 жылғы 1 қаңтардан бастап халықтың қалған барлық санаттары бойынша ақпарат беріледі.
    2023 жылы екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар 1-кезеңнің тұлғалары бойынша мәліметтерді ұсынуды жоспарлап отыр.

"Бұйрық жобасы жеке тұлғалардың, адал салық төлеушілердің жеке аударымдарын қозғамайды және салық мониторингін жүргізу кезінде тиімділікті арттыруға, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтауға және салық төлеуден жалтарудың алдын алуға бағытталған", - деді МКК өкілдері. 

Қаржы министрлігі жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операциялар қандай жағдайда кәсіптен түскен кіріс ретінде бағаланатыны сипатталған жоба дайындаған еді. Құжат 2 наурызға дейін "Ашық НҚА" сайтына жария талқылауға шығарылды.

Бұған дейін Қазақстанда "мобильді төлемдер" ұғымы енгізілген болатын, кәсіпкерлерге кәсіптен түсетін ақша мен жеке түсімдерді бөлу міндеті жүктелді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті заңға желтоқсанда қол қойды.

Мобильді аударымдар қашан реттеледі және ереже бұзғандар қалай жазаланады?

Бұдан басқа, Салық кодексіне түзетулер интернет арқылы өткізілген тауарларға цифрлық салық енгізуді де көздейді ("Google-ге салық"). 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда тауарлар мен қызметтер көрсететін шетелдік интернет-компаниялардың ҚҚС тіркеуі мен төлеуінің оңайлатылған тәртібі көрсетілді.

Мобильді аударымдарда жаңа функция пайда болады

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.14   490.7   4.94 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети