Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Мораторий жариялау бизнестің жауапкершілігін азайтпайды - Азат Перуашев

03 Наурыз 2014, 18:54
0
Азат Перуашев © Тengrinews.kz
Азат Перуашев © Тengrinews.kz
Азат Перуашев шағын және орта бизнес нысандарын тексеруге жарияланған мораторий бизнесті жауапкершіліктен босатпайтынын айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингіне келген "Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев бизнеске қатысты мәселені қозғады.

"Кәсіпкерлікті тексеруге мораторий осыған дейін әр жылдары екі рет жарияланған болатын. Сол арқылы сөзсіз оң ықпалын тигізді. Бұлы жолғы шешім бойынша Президенттің бизнеске қолдау көрсетіп, оны дамытуға жаңаша күш беруге ұмтылысынан және саяси еркінен туындағаны анық", - деді ол брифингте.

Халық қалаулысының мәлімдеуінше, бұл бастама бақылаудың кейбір нормаларына тежеу болғанымен, бизнесті өз міндеттерін атқаруына қатысты жауапкершіліктерден босатпайды.

«Бюджетке салық төлеу мен тұтынушылардың мүдделерін сақтау тәрізді ғана міндеттерді бұлжытпай орындайды. Дегенмен, мораторийден кейін болса, заңнама нормалары мен талаптарын сақтау бойынша есеп беруге тура келеді. Сондықтан бұл кезеңді Үкімет болсын, бизнес болсын, мейлінше тиімді пайдаланып қалуы керек», - деді А.Перуашев.




Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай