18 сәуір 2018 16:10

Мұғалімдерге үстеме ақыны әкімдіктер төлейді - Сағадиев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздегі мұғалімдерге берілетін үстеме ақы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздегі мұғалімдерге берілетін үстеме ақы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Осы мәселені түсіндіріп өткім келеді. Мұғалімдер жалақысын толықтай алуы үшін біз бүгін Мәжілісте талқылап, қабылдаған заңды қабылдауымыз қажет. Енді ол Сенатқа жолданады. Осыдан кейін, яғни, заң күшіне енген соң біздің бюджетімізде де өзгерістер болады. Республикалық бюджет мұғалімдердің жалақысына бөлінген қаражатты жергілікті бюджетке аудара алады", - деді БҒМ басшысы.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта республикалық бюджеттегі қаражатты жергілікті бюджетке аударудың қажеті жоқ.

"Дегенмен Президенттің тапсырмасын орындай отырып, біз жергілікті атқарушы органдардан, әкімдіктегілерден резервтегі қаражаттарын бере тұруын сұрадық. Әрине, оны қайтарып береміз", - деді министр.

"Әкімдіктегілердің көбінде қаражат бар және олар қаңтардан бастап сол қаражатқа жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олар барлық қаражатты республикалық бюджеттің қайтарып беретінін біледі. 1 қаңтардан ақша алуы тиіс болған мұғалімдер ақшаны міндетті түрде алатын болады", - деді Ерлан Сағадиев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети