Мүгедектігі бар қазақстандық тұрғын үй кезегінен шығарылып тастаған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Midjourney Midjourney

Қызылорда облысының мүмкіндігі шектеулі тұрғыны (1 топтағы) 2012 жылы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегіне қойылған. Алайда, екі жылдан кейін ол белгісіз себептермен осы кезектен шығарылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қызылорда облысының мүмкіндігі шектеулі тұрғыны (1 топтағы) 2012 жылы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегіне қойылған. Алайда, екі жылдан кейін ол белгісіз себептермен осы кезектен шығарылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2023 жылы ер адам осы санат бойынша қайтадан кезекке тұрғызылған, бірақ ол сотқа жүгініп, 2012 жылдан бастап кезекті қалпына келтіруді талап етіп, кезектен негізсіз шығарылғанын және өзінің тіркелген тұрғын үйдің жоқтығын көрсеткен.

"Қазіргі уақытта талап қоюшы туыстарының үйінде тұрады. Сотта талап қоюшының атына жылжымайтын мүлік тіркелмегені анықталды. Тұрғын үй комиссиясының хаттамасы және талап қоюшының кезектен шығару туралы жазбаша өтініші, тіркелген жылжымайтын мүліктің болмауына байланысты МАӘС-ы аудан әкімінің тиісті қаулысының күшін жою арқылы талап қоюды қанағаттандырды. Сот облыстық тұрғын үй басқармасына қатысты заң бұзушылықтарды көрсетіп, жеке ұйғарым шығарды", - делінген хабарламада.

Аудан әкімі бұл шешімге дау айту барысында әкімнің қаулысына шағымдану мерзімі өтіп кеткенін атап көрсеткен. Алайда, облыстық сот бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.1  course up  590.94  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer