06 қыркүйек 2018 19:18

Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ҚазККА жаңа ректоры тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ізбасаров Ербол. © kazatk.kz Ізбасаров Ербол. © kazatk.kz

Мұхамеджан Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының ректоры қызметіне Ізбасаров Ербол тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Мұхамеджан Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының ректоры қызметіне Ізбасаров Ербол тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"4 қыркүйек 2018 жылдан бастап Ізбасаров Ербол Дүйсебайұлы М. Тынышбаев атындағы ҚазККА ректоры қызметіне тағайындалды", - делінген М. Тынышбаев атындағы ҚазККА ресми сайтында

Ербол Дүйсебайұлы Ізбасаров 1983 жылы туылған. 1999 жылы орта мектепті үздік аяқтап, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Экономикалық кибернетика" мамандығын бітірген. Қазақ-Британ университетінің магистратурасын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Жұмыс тәжірибесі 1999 жылдан басталған. 1999-2003 жылдары "Жеміс шаруашылығы және жүзім өсіру ҚазҰЗИ" РМКК халықаралық қатынастар, патенттік зерттеу және маркетинг бөлімінің ақпараттық технология және ақпараттық жүйелер бойынша 2 және 1 категориялы инженері. 2003-2005 жылдары ҚР АШМ "Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі бойынша ғылыми - өнеркәсіптік орталық" РМК-да ақпараттық технологиялар мен ақпараттық жүйелердің жетекші инженері және Қазақ инженерлік-технологиялық университетінде ақпараттық жүйелер бойынша бас инженері қызметін атқарған .

2005-2008 жылдары Қазақ инженерлік-технологиялық университеті ректорының кеңесшісі, ал 2008-2012 жылдары Қазақ инженерлік-технологиялық университетінің Халықаралық қатынас және даму бойынша проректоры қызметін атқарған. 2012-2016 жылдары Қазақ инженерлік-технологиялық университетінің Ғылыми жұмыс бойынша проректоры, "Экономика" кафедрасының меңгерушісі. 

Үйленген, үш баласы бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети