1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

"Мұқият танысып шықтым" - Тоқаев шағын және орта бизнес өкілдерінің үндеуіне жауап берді

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнес иелеріне жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент төтенше жағдай кезінде бизнес саласына қатысты көтеріліп отырған мәселелер өзекті екенін атап өтті. 

"Шағын және орта бизнес өкілдерінің үндеуімен мұқият танысып шықтым. Қазіргі төтенше жағдай кезінде көтеріліп отырған мәселелер өзекті. Барлық өтініштер мен ұсыныстар мұқият сарапталады. Сонымен қатар басқа да шаралар қарастырылады", - деді Президент Twitter желісіндегі парақшасында. 

Тоқаев қабылданған шешімдерді әлеуметтік-экономикалық шаралардың жаңа пакеті бойынша жұмыстар аяқталған соң жариялайтынын айта кетті. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!