29 тамыз 2023 17:10

"Мұндайды тек Ақтауда көресіз": экскаватор жүргізушісі Каспийде қауіпті аттракцион ұйымдастырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары

Ақтауда Каспий теңізінде қауіпті аттракцион ұйымдастырған экскаватор жүргізушісі жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" сайтына сілтеме жасап.


Ақтауда Каспий теңізінде қауіпті аттракцион ұйымдастырған экскаватор жүргізушісі жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" сайтына сілтеме жасап.

28 тамызда әлеуметтік желіде экскаватордың жүргізушісі теңіз үстінде арнайы техникамен арқанға ілінген адамдарды айналдырып жатқаны түскен видео тараған еді.

Маңғыстау облысы полиция департаменті тәртіп сақшылары тараған видеоға назар аударғанын хабарлады. Ақтау полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері экскаватор жүргізушісінің жеке басын анықтаған.

"29 жастағы жүргізуші үстінен екі хаттама жасалды: ҚР ӘҚБтК 593-бабы (жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, жол қозғалысы ережелерінде көзделген қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) және ҚР ӘҚБтК 620-бабы (жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу). Сондай-ақ мұндай құқықбұзушылықтың алдын алу үшін профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деп хабарлады полиция департаменті.

Бұл баптар бойынша ескерту немесе 5 және 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети