29 мамыр 2023 15:38

Мұрат Жөребеков "Ұлттық мұра" қатысушыларын құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қала күнін мерекелеу аясындағы іс-шаралар Ақтөбе Арбатында да өтті. Мұнда кимешек киген 60 әже диірменнен талқан тартты. Тары талқандап үйреткен үлкендердің үлгісін жастар жағы тамашалап, қол диірменнің тарихымен танысты.

Шеберлік сағатына қала әкімі де қатысты. Мұрат Жөребеков "Ұлттық мұра" іс-шарасына қатысушыларды мерекемен құттықтады.

Диірмен жұп тастан жасалады. Оны қазақ халқы ежелден тары, бидай ұнтақтау үшін қолданған.

Көптеген жас ақтөбеліктер шеберлік сағатын зор қызығушылықпен тамашалады. Қол диірменді өздері тартып, талқан дайындағандар да болды.

Сонымен қатар, сахнада концерттік бағдарлама және жергілікті дизайнерлердің ұлттық костюмдерінің сән көрсетілімі өтті. Шатырларда қолданбалы өнер туындыларының жәрмеңке-сатылымы ұйымдастырылды.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети