Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Мұрат Оспановқа миллиард теңге айыппұлды төлеуге көмектесушілер бар

13 Ақпан 2015, 18:39
0
Мұрат Оспанов зайыбымен бірге. ©Тengrinews.kz
Мұрат Оспанов зайыбымен бірге. ©Тengrinews.kz

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің (ТМРА) бұрынғы басшысы Мұрат Оспановқа миллиард теңге айыппұлды төлеуге көмектесетіндер табылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сотталушының туған әпкесі Баян Оспанова туыстары мен жақындарының оған көмектесуге әзір екенін айтты. 

"Ақша туралы әңгіме болған кезде телефондарымыз тыным таппады: бәрі өз көмегін ұсынып жатыр. Сондықтан ешқандай мәселе болмайды деп ойлаймын. Әрқайсысы: "қанша керек, қайда әкеліп беру керек?" деп жатыр. Мұратта ондай ақша жоқ", - деді Баян Оспанова үкім шығарылғаннан кейін. 

Мұрат Оспановтың бауыры оның босап шығатынына сенген жалғыз адам болғанын жасырмады. "Сот төрелігі өзінің әділдігін танытатынын сезіндім", - деді сот процесіне қоғамдық қорғаушы ретінде қатысқан Оспанова. 

Айта кетейік, бүгін, 13 ақпан күні Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Ербол Рахымбеков жоғары лауазымды шенеуніктің пара алуы туралы атышулы істің нүктесін қойған еді. Мұрат Оспанов ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі мен 366-бабының 4-бөлігінде қарастырылған қылмысты жасауға айыпты деп танылды. Оған мүлкін тәркілеумен және өзін-өзі басқарудың мемлекеттік функцияларын іске асырумен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырумен бірге 1 миллиард 101 миллион 60 мың теңге сомасында айыппұл түрінде жаза белгіленді. 

Мұрат Оспановтың өзі ақпарат құралдарына бұл жөнінде "ешқандай түсініктеме жоқ", - деп жауап берді. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай