13 қазан 2023 | 12:21

Мусин Астана мен Алматыда ұялы байланыс қашан жақсаратынын айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Астана мен Алматыда байланыс сапасын қалай жақсартатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Астана мен Алматыда байланыс сапасын қалай жақсартатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Соңғы кезде астаналықтар қаладағы ұялы байланыс сапасына жиі шағымдана бастады. Сигнал деңгейі төмендеп қана қоймай, толығымен істемей қалатын көрінеді.

Алайда, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, мұндай үзіліс 5G технологиясына көшуге байланысты туындауы мүмкін және бұл "уақытша құбылыс".

"Әрине, әр жағдайды бөлек анықтау керек. Бірақ қазір жаппай 5G технологиясын орнатып, оған көшу жұмыстары жүргізіліп жатыр, сондықтан базалық станциялар экспортталып немесе әкелініп жатыр. Жұмыс жүріп жатыр. Әрине, қиындық туындауы мүмкін, бұл осы қызметтерді орнату және конфигурациялау кезіндегі технологиялар. Біз тұрғындардан кешірім сұраймыз. Бұл уақытша құбылыс деп ойлаймын. Ұялы байланыс операторлары жыл соңына дейін Астана мен Алматыдағы жағдайды түзететініне сендіреді", - деді Мусин.

Сондай-ақ, ведомство тілшісінің ресми сауалына жауапта: "ақ дақтарды" жою жұмыстары жалғасып жатқанын айтты. Байланыс операторларымен және Астана әкімдігімен бірлесіп анықталған 67 "ақ дақ" аясында 18 тұрғын үй кешенінде базалық станцияларды монтаждау жұмыстары жүргізілді.

"Жақын арада 10 ТК базалық станцияларды монтаждау күтіліп жатыр, 17 ТК бойынша қол жинау жүріп жатыр. 13 ТК BI Group компаниясынан келісім алды, онда Streetball базалық шағын станциялары және ғимараттарда жабдықтарды монтаждау орнатылады. Қалған 9 ТК бойынша Астана әкімдігімен бірлесіп осьті (2 ТК) қалыптастыру және тұрғындармен (7 ТК) қайта түсіндіру үшін кездесу өткізу бөлігінде жұмыстар жалғасып жатыр", - деп хабарлады ведомство.

Министрліктің мәліметінше, қала әкімдігі телекоммуникациялық жабдықтарды орнатып, байланыс тіректерін салу үшін 51 учаске бөлді.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Digital Bridge 2023 форумында сөйлеген сөзінде Қазақстанда 5G енгізу мерзімін белгілеген болатын.

Мемлекет басшысы 5G желісінің толық көлемде орналастырылуын инновацияларды дамыту үшін тағы бір қуатты серпін деп атады. Президент бұл үдеріс Қазақстанда іске қосылғанын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 530.22  course up  545.66  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer