Мереке күндері елдің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы күтіледі, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Батыс және солтүстік облыстарда нөсер жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Астана - түнде +10...+12 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14, күндіз екпіні секундсына 15-18 метр. Күндіз +23...+25 градус, көшпелі бұлтты, кей кездерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы - түнде +15...+17 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан секундсына 3-8 метр. Күндіз +31...+33 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.
Шымкент - түнде +17...+19 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан секундсына 5-10 метр. Күндіз +33...+35 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.
Ақмола облысы - түнде облыстың батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, оңтүстігінде нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан бағытын оңтүстік-батысқа ауыстырады, жылдамдығы секундсына 9-14 метр. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 12-17, күндіз 23-28, облыстың батысында 20 градус жылы. Көкшетау - түнде +13...+15 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14, күндіз екпіні секундсына 15-20 метр. Күндіз +23...+25 градус, көшпелі бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі.
Алматы облысы - күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарда өткінші жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан бағытын оңтүстік-батысқа ауыстырады, жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарда екпіні секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың таулы аудандарында 5-10 жылы, күндіз 30-35 градус қатты ыстық, облыстың таулы аудандарында 20-25 градус жылы. Қонаев - түнде +16...+18 жылы, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан секундсына 9-14 метр. Күндіз +32...+34 жылы, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.
Жетісу облысы - түнде +12...+17, облыстың оңтүстігінде +20, облыстың таулы аудандарында +7 градус, жауын-шашынсыз. Жел батыстан секундсына 9-14 метр. Күндіз +31...+36, облыстың таулы аудандарында +27 градус, жауын-шашынсыз. Талдықорған - түнде +12...+14 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан секундсына 3-8 метр. Күндіз +32...+34 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.
Түркістан облысы - облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарда өткінші жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, жылдамдығы 9-14, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарда екпіні секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 17-22, облыстың таулы аудандарында 14, күндіз 33-38, облыстың таулы аудандарында 30 градус жылы. Түркістан - түнде +19...+21 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан секундсына 8-13 метр. Күндіз +34...+36 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.
Батыс Қазақстан облысы - жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, батысында нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл. 09 мамырда облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, күндіз 20-25, облыстың батысында 17 градус жылы. Орал - түнде +10...+12 градус, көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні секундсына 15-20 метр. Күндіз +24...+26 градус, көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай.
Атырау облысы - жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, оңтүстігінде нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл. Жел солтүстік-батыстан 9-14, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 11-16, күндіз 20-25, облыстың батысында 17 градус жылы. Атырау - түнде +13...+15 градус, көшпелі бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел батыстан секундсына 5-10 метр. Күндіз +22...+24 градус, көшпелі бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Маңғыстау облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақыттарда нөсер жаңбыр, бұршақ. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Жел солтүстік-батыстан 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 11-16 жылы. Ақтау - түнде +12...+14 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Жел оңтүстік-батыстан секундсына 9-14 метр. Күндіз +16...+18 градус, көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай.
Ақтөбе облысы - жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, жылдамдығы 9-14, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні секундсына 15-20 метр, 08 мамырда облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда секундсына 25 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың оңтүстігінде 18 градус жылы.Ақтөбе - түнде +10...+12 градус, бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр, тұман. Жел оңтүстік-шығыстан секундсына 3-8 метр. Күндіз +19...+21 градус, бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр, найзағай. Таңертең тұман.
Қостанай облысы - жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, жылдамдығы секундсына 9-14 метр, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, күндіз 20-25 градус жылы. Қостанай - түнде +12...+14 градус, бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан секундсына 9-14 метр. Күндіз +20...+22 градус, бұлтты, жаңбыр, найзағай.
Солтүстік Қазақстан облысы - түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, оңтүстігінде нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр, 8 мамырда облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 10-15 градус жылы.Петропавл - түнде +11...+13 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Күндіз +22...+24 градус, бұлтты, жаңбыр, найзағай.
Павлодар облысы - күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр, 8 мамырда күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр болады. Ауа температурасы түнде 10-15, күндіз 25-30 градус жылы.Павлодар - түнде +9...+11 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр, күндіз екпіні 15-20 метр. Күндіз +28...+30 градус, көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай.
Қарағанды облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 12-17, облыстың шығысында 9, күндіз 23-28, облыстың оңтүстігінде 32 градус жылы.Қарағанды - түнде +12...+14 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан секундына 7-12 метр, күндіз екпіні 15 метр. Күндіз +25...+27 градус, көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай.
Ұлытау облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, кейін солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-18, күндіз 25-30 градус жылы, 9 мамырда түнде 10-15, күндіз 20-25 градус жылы.Жезқазған - түнде +17...+19 градус, көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел батыстан секундына 7-12 метр. Күндіз +28...+30 градус, көшпелі бұлтты, таңертең жаңбыр, найзағай.
Шығыс Қазақстан облысы - түнде +7...+12, облыстың батысында, оңтүстігінде +15 градус, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метр. Күндіз +25...+30, облыстың шығысында +20 градус. Облыстың солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр, найзағай.Өскемен - түнде +10...+12 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан секундына 5-10 метр, күндіз екпіні 15-18 метр. Күндіз +28...+30 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.
Абай облысы - түнде +10...+15 градус, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 метр. Күндіз
+25...+30, облыстың оңтүстігінде +33 градус, облыстың батысында, орталығында өткінші жаңбыр, найзағай.Семей - түнде +12...+14 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан секундына 5-10 метр, күндіз екпіні 15-18 метр. Күндіз +28...+30 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.
Қызылорда облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз шаңды дауыл. Жел оңтүстік-батыстан соғады, кейін солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр, күндіз екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 28-33 градус жылы.Қызылорда - түнде +18...+20 градус, көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр. Күндіз +32...+34 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.
Жамбыл облысы - күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 17-22, таулы аудандарда 14 жылы, күндіз 33-38 градус қатты ыстық, таулы аудандарда 30 градус жылы.Тараз- түнде +18...+20 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр. Күндіз +34...+36 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.