20 шілде 2021 20:24

Найзағай және құмды дауыл. Синоптиктер ескерту жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Синоптиктер Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Синоптиктер Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

21 шілдеде күндіз Қызылорда облысында екпіні секундына 15-20 метр болатын жел соғады. Өңірде өрт шығу қаупі сақталады.

21-23 шілдеде күндіз Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай, бұршақ, құмды дауыл болады деп күтіледі. 21-23 шілдеде оңтүстік-батыс бағыттан секундына 15-20 метр жел соғады. 22-23 шілдеде күндіз облыстың басым бөлігінде 40 градусқа дейін аптап болып, төтенше өрт шығу қаупі сақталады.

Күндіз 21 шілдеде Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, құмды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

21 шілдеде Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай соғады. Жел бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай соғуы мүмкін. Күндіз аптап ыстық 41 градусқа дейін болады. Кей жерлерде төтенше өрт шығу қаупі сақталады. Орал қаласында күндіз 38 градус ыстық болады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Түркістан облысының тауларында найзағай соғады. Кей жерлерде құмды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Кей жерлерде төтенше өрт шығу қаупі сақталады.

21 шілдеде күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде 36 градусқа дейін аптап болады. Оңтүстігінде төтенше өрт шығу қаупі сақталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети