25 қараша 2016 00:01

Назарбаев: Әкім кетсе, бүкіл командасы бірге кететін әдет доғарылды ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы Қайрат Қожамжаров белгілі бір әкімнің қызметінен ауысқан соң, соңынан өзінің командасын алып кететініне қатысты жағдайлардың 25 пайызға қысқарғанын айтты. Бұл туралы шенеунік Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Астанада Модернизациялау жөніндегі ұлттық комиссиядағылардың қызметіне қатысты өткен отырыс барысында айтты.

"Бірінші қадамға сәйкес, мансап моделі деген енгізілді. Енді мемлекеттік қызмет төменгі қызмет орындарынан басталады, яғни, бәріне ортақ байқаудан өтіп барып, мемлекеттік қызметке келе алады. Жылдың басынан бері төменгі қызмет орындарына алты мыңға жуық адам келген, бұл былтырғы көрсеткіштен үш есеге көп болып тұр. Енді мемлекеттік қызметке аларда оның тек еңбек өтілі емес, арнайы білім деңгейі, шешім қабылдаудағы жауапкершілігі, атқарып жатқан жұмыстарының күрделілігі ескерілетін болады. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкер тек байқау мен төменгі қызмет орындарында жинаған тәжірибесі арқылы ғана мансабында көтеріле алатын болады. Бұл 3500-ден аса қызметкерді жоғарыдағы қызметтерге ауыстыруға мүмкіндік берген. Қабылданған шаралар мемлекеттік қызметте көтерілу тек жеке тәжірибе мен сіңірген еңбек арқылы мүмкін екенін көрсетті", - деді Қожамжаров өз есебінде.

"Әкім кетсе, бүкіл командасы бірге кететін әдет доғарылды ма?", - деп сұрақ қойды Президент.

Қожамжаров болса, мұндай жағдайлардың 25 пайызға қысқарғанын айтты. Сондай-ақ, Қожамжаров қазіргі уақытта мансап жолында көтерілу тек ішкі байқаудың нәтижесі бойынша жүзеге асырылып жатқанын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети