15 қазан 2018 20:53

Назарбаев Ақтөбедегі жаңа мұз сарайын аралап көрді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбедегі мұз сарайын аралап көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбедегі мұз сарайын аралап көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Елбасы мемлекет-жекеменшік серіктестік аясында Словакия инвесторларының қатысуымен салынған қаладағы жаңа мұз сарайына барды.

"Жалпы аумағы 8 500 шаршы метр болатын спорт кешені жыл бойы хоккейден, шорт-тректен, мәнерлеп сырғанаудан, баскетболдан, шағын футболдан, бокстан, үлкен теннистен, гимнастикадан кәсіби жарыстар өткізуге, сондай-ақ конькимен жаппай сырғанауға мүмкіндік береді. Арена 2 500-ден астам көрерменге арналған", - делінген Ақорда сайтында

Қазақстан Президенті жас хоккейшілерді және барша ақтөбеліктерді мұз сарайының ашылуымен құттықтап, шайбаға естелік қолтаңба қалдырды.

Сондай-ақ, Елбасы "ACE Tennis Center" теннис орталығына барды. Қазақстан Президенті мемлекет-жекеменшік серіктестік аясында салынған спорт кешенінің жұмысымен танысып, өңірлерде осындай спорт инфрақұрылымдарының ашылуы салауатты өмір салтын насихаттауға және елімізде теннистің даму деңгейін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев жас спортшылармен әңгімелесіп, теннис добына естелік қолтаңба қалдырды, сондай-ақ осы орталықтың қонақ үй кешені мен басқа да орындарын аралап көрді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети