13 мамыр 2018 09:21

Назарбаев әлемдегі ең егде премьер-министрге хат жазды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© AkordaPress/Reuters © AkordaPress/Reuters

Нұрсұлтан Назарбаев Махатхир Мохамадты Парламент сайлауында "Үміт альянсы" коалициясының жеңіске жетуімен және Малайзия премьер-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақорданың мәліметінше, Қазақстан Президенті Малайзияның премьер-министрі Махатхир Мохамадқа құттықтау жеделхатын жолдады.

"Сайлау нәтижелері Сіздің парасатты басшылығыңызбен Малайзияның келешекте жаңа белестерді бағындыратынына халықтың сенім артып отырғанын көрсетті. Бұған Сіздің 1981-2003 жылдарда Малайзияның қарқынды дамуына қосқан өлшеусіз үлесіңіз дәлел бола алады.

Қазақстан мен Малайзия арасындағы достық қарым-қатынас жылдан жылға нығайып, жан-жақты өркендеп келеді", - делінген жеделхатта.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы екі ел арасындағы жемісті ынтымақтастықтың одан әрі дами беретініне сенім білдірді.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Махатхир Мохамадқа жауапты лауазымда табыс, ал Малайзия халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тіледі.

Айта кетейік, сайлауда жеңіп шыққан Махатхир Мохамад 92 жаста, ол - әлемдегі ең егде премьер-министр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети