18 шілде 2016 16:44

Назарбаев Алматыдағы жағдайдан кейін Қауіпсіздік кеңесінің жедел жиынын өткізеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы жағдайдан кейін Қауіпсіздік кеңесінің жедел жиынын өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Ақорда Twitter желісінде хабарлады. 


ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы жағдайдан кейін Қауіпсіздік кеңесінің жедел жиынын өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Ақорда Twitter желісінде хабарлады. 

"Мемлекет басшысы Алматы қаласындағы оқиғаларға байланысты Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді", - делінген хабарламада.

ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов желідегі парақшасында "Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін Қауіпсіздік Кеңесінің жедел отырысына бара жатырмын. Алматыдағы жағдай бойынша шешім қабылданады", - деп жазды.

Еске салайық, 18 шілдеде 11.00-де Алмалы аудандық ішкі істер басқармасына шабуыл жасалып, бір полицей жарақат алған болатын, осыдан кейін қылмыскер автомат қаруын алып, жасырынған еді. Осыған дейін Алматыда Алмалы аудандық ІІБ маңы қоршауға алынған болатын. Куәгерлердің айтуынша, Никольский базарының аумағында атыс болып жатыр. Бұл жерде аудандық полиция басқармасы орналасқан. Сонымен қатар, куәгерлер көрші ғимараттардағы адамдарды кеңселерінен шығармай отыр екен. Таяу маңда орналасқан кеңседегілердің айтуынша, 10 рет оқ атылған. Оқиғаның хронологиясын мына жерден оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети