Назарбаев Алматыдағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Алматыдағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның Тұңғыш Президенті АН-26 әскери ұшағының апатқа ұшырауынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еlbasy.kz сайтына сілтеме жасап. 


Қазақстанның Тұңғыш Президенті АН-26 әскери ұшағының апатқа ұшырауынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еlbasy.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Алматы қаласының әуежайындағы әуе апатының салдарынан болған адам қазасы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Қайғыға ортақтасып, қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын, ал зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуын тілеймін", - делінген Елбасы жеделхатында.

Бұндай оқыс оқиғалар қайталанбауы керек - Тоқаев АН-26 апаты туралы

Еске салайық, бұған дейін Алматыда ұшақ құлағаны хабарланған болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Almaty | KZ | Telegram (@kris_p_almaty)

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұшақ бортында болған төрт адам қаза тапқанын, екеуі зардап шеккенін мәлімдеді. Зардап шеккен екі адам да жансақтау бөлімінде

Алматыда құлаған АН-26 ұшағы туралы не белгілі?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети