28 наурыз 2019 01:23

Назарбаев Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев және Ангела Меркель. © Ренат Ташқынбаев Нұрсұлтан Назарбаев және Ангела Меркель. © Ренат Ташқынбаев

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Германияның Федералдық Канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
 
Әңгімелесу барысында Германия Канцлері Ангела Меркель Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешімін зор құрметпен қабыл алғанын атап өтті.

Ангела Меркель тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері, халықаралық аренадағы беделі, сондай-ақ әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету ісіне қосқан үлесі Елбасының есімімен тікелей байланысты екенін айтты.

Германия көшбасшысы достық пен сенімге негізделген Қазақстан-Германия ынтымақтастығының қалыптасуына және нығая түсуіне Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген еңбегін ерекше бағалады.

Ангела Меркель Қазақстанның Тұңғыш Президентіне зор денсаулық, сондай-ақ халықтың игілігі жолындағы алдағы қызметіне табыс тіледі.

Тараптар тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети