Назарбаев АҚШ вице-президентімен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев АҚШ вице-президентімен кездесті © Ақорданың баспасөз қызметі

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының вице-президенті Майкл Пенспен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының вице-президенті Майкл Пенспен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде тараптар екіжақты ынтымақтастықтың мейлінше өзекті мәселелерін талқылады. Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Майкл Пенс Қазақстан мен АҚШ арасындағы саяси және экономикалық қарым-қатынастарды нығайтып, одан әрі кеңейте түсудің маңыздылығын атап өтті.


© Ақорданың баспасөз қызметі

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы "Nasdaq" компаниясының президенті Адина Фридманмен, "Goldman Sachs" компаниясының президенті Харви Шварцпен және "ExxonMobil" компаниясының бас атқарушы директоры Даррен Вудспен кездесті. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" халықаралық қаржы орталығы Американың "Nasdaq" биржасымен және Шанхай қор биржасымен ынтымақтастық орнатқанын атап өтті.


© Ақорда/"Nasdaq" компаниясының президенті Адина Фридманмен


© Ақорда/"Goldman Sachs" компаниясының президенті Харви Шварцпен


© Ақорда/"ExxonMobil" компаниясының бас атқарушы директоры Даррен Вудспен

Вашингтонда Назарбаевты қалай қарсы алды?

Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа ресми сапармен 16 қаңтарда барған болатын. 

Қазақстан Президенті АҚШ-тың ресми өкілдерімен кездесу өткізеді деп жоспарланған. Сондай-ақ, Назарбаевтың 18 қаңтарға белгіленген БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қару қолдануды жаппай жоюға арналған брифингке қатысатыны айтылады.

Сондай-ақ, осыған дейін саясаттанушы Ерлан Қарин Назарбаев пен Трамп кездесуінің маңыздылығын айтқан еді. "Иә, Қазақстан өңірлік мемлекет болып саналады, дегенмен де Қазақстан түрлі халықаралық пікірталастарға белсенді түрде қатысып жатыр. Сондықтан да біздің президентіміздің Америка басшысымен кездесуі осы мәселенің өзектілігін арттыруға мүмкіндік береді", - деген еді Ерлан Қарин.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети