16 қаңтар 2018 09:22

Назарбаев Трамппен кездесу үшін Вашингтонға барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамп. "АҚШ - Ислам әлемі" саммиті © Instafram/AkordaPress Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамп. "АҚШ - Ислам әлемі" саммиті © Instafram/AkordaPress

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттары, Вашингтон қаласына ресми сапармен келді. Бұл туралы бүгін, 16 қаңтарда Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттары, Вашингтон қаласына ресми сапармен келді. Бұл туралы бүгін, 16 қаңтарда Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстан Президенті Вашингтон қаласына келді. Ресми сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен, сондай-ақ, АҚШ-тың ресми және іскер топтар өкілдерімен кездеседі", - деп хабарлады Ақорда.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысатыны айтылады.

Назарбаевтың баспасөз қызметінің мәліметінше, ресми сапар үш күнге созылады: 16-18 қаңтар.

Осылайша, Астанадағылар осы сапар екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтады деп сенеді. "Сапардың басты мақсаты жоғары деңгейдегі сенімділік қарым-қатынасымызды нығайтып, Астана мен Вашингтон арасында өзара әрекеттестікті барлық спектр бойынша кеңейтіп, екі жақты қарым-қатынасты жаңа деңгейге шығару", - деді ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің басшысы Талғат Жұмағұлов.

Сондай-ақ, Комитет басшысы екі ел арасындағы қазіргі ынтымақтастықтың терроризммен күресу, ядролық режимді алып тастауға және сауда-экономикалық қарым-қатынасты кеңейтуге бағытталғанын айтып өтті.

Қазақстан Президенті АҚШ-тың ресми өкілдерімен кездесу өткізеді деп жоспарланған. Сондай-ақ, Назарбаевтың 18 қаңтарға белгіленген БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қару қолдануды жаппай жоюға арналған брифингке қатысатыны айтылады.

Сондай-ақ, осыған дейін саясаттанушы Ерлан Қарин Назарбаев пен Трамп кездесуінің маңыздылығын айтқан еді. "Иә, Қазақстан өңірлік мемлекет болып саналады, дегенмен де Қазақстан түрлі халықаралық пікірталастарға белсенді түрде қатысып жатыр. Сондықтан да біздің президентіміздің Америка басшысымен кездесуі осы мәселенің өзектілігін арттыруға мүмкіндік береді", - деген еді Ерлан Қарин.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети