Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 319.88
EUR / KZT - 394.41
CNY / KZT - 50.42
RUB / KZT - 5.65

Вашингтонда Назарбаевты қалай қарсы алды?

16 Қаңтар, 12:41
7
видеодан үзінді
видеодан үзінді

Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа ұшып келген сәтінде түсірілген видео жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Видеода Мемлекет басшысының ұшағы Вашингтонға келген сәті түсірілген видео Президент баспасөз қызметінің Facebook желісіндегі парақшасында жарияланды. 

Әуежайда Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Қазыханов күтіп алды. Сонымен қатар, Президент келген уақытта АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Кролдың жүргенін байқауға болады.  

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттары, Вашингтон қаласына ресми сапармен келді. Бұл туралы бүгін, 16 қаңтарда Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысатыны айтылады.

Назарбаевтың баспасөз қызметінің мәліметінше, ресми сапар үш күнге созылады: 16-18 қаңтар.

Қазақстан Президенті АҚШ-тың ресми өкілдерімен кездесу өткізеді деп жоспарланған. Сондай-ақ, Назарбаевтың 18 қаңтарға белгіленген БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қару қолдануды жаппай жоюға арналған брифингке қатысатыны айтылады.

Сондай-ақ, осыған дейін саясаттанушы Ерлан Қарин Назарбаев пен Трамп кездесуінің маңыздылығын айтқан еді. "Иә, Қазақстан өңірлік мемлекет болып саналады, дегенмен де Қазақстан түрлі халықаралық пікірталастарға белсенді түрде қатысып жатыр. Сондықтан да біздің президентіміздің Америка басшысымен кездесуі осы мәселенің өзектілігін арттыруға мүмкіндік береді", - деген еді Ерлан Қарин.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (7)