Назарбаев "Астана кештері" IV халықаралық өнер фестиваліне қатысты

04 Маусым 2015, 21:56
0
Назарбаев "Астана кештері" IV халықаралық өнер фестиваліне қатысты - ©Akorda.kz
©Akorda.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана кештері" IV халықаралық өнер фестиваліне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Фестиваль аясында "Оперетта кеші" атты концерт өтіп, оған Дариға Назарбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Сүндет Байғожин мен Андрей Трегубенко, Ресей Федерациясы Башқұртстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Альфия Каримова, халықаралық конкурстардың лауреаты Мейір Байнеш қатысты.

Жыл сайын өтетін бұл жоба қайырымдылық мақсатындағы шара болғандықтан барлық билет тегін таратылады. Шара мақсаты - халықтың түрлі әлеуметтік топтарына әлемдік өнердің жауһарларын тамашалауға мүмкіндік беру.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай