14 қараша 2016 | 16:07

Назарбаев: Астана клубының мүшелері жаһандық қауіпсіздікті нығайта алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Aim.kz © Aim.kz

Бірнеше күн бойы Астана клубының мүшелері бейбітшілік пен тұрақтылықты, жаһандық қауіпсіздікті нығайту үшін маңызды ұсыныстарды әзірлеп жатыр. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана клубының отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі strategy2050.kz сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Бірнеше күн бойы Астана клубының мүшелері бейбітшілік пен тұрақтылықты, жаһандық қауіпсіздікті нығайту үшін маңызды ұсыныстарды әзірлеп жатыр. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана клубының отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі strategy2050.kz сайтына сілтеме жасап.

Елордада Астана клубының екінші отырысы өтіп жатыр. Шараға әлемнің  50 үздік сарапшысы мен саяси және қоғам қайраткерлері мен 21 елдің ғалымы, қазақстандық сарапшылар қатысып жатыр.

"Қазақстанның елордасы Астанада  сіздерді қарсы алғаныма қуаныштымын. Шарада жетекші ғалымдар,  20 елдің сарапшылары бас қосты. Бүгінгі  жаһандық турбуленттік жағдайында  әлемдік экономика мен саясат саласында маңызды мәселелер бар. Сондықтан, Астана клубының мүшелері бейбітшілік пен тұрақтылықты, жаһандық қауіпсіздікті  нығайту үшін  маңызды ұсыныстарды әзірлеп жатқанына көзім жетті. Біз Азия мен Еуразиядағы  өңірлік мәселелерді осында талқылайтындарыңызға сенеміз. Әлемде болып жатқан барлық оқиға жылдам өзгеріске ұшырайды", - деді Елбасы.

Айта кетейік, бірнеше күндік бағдарламада  өзекті мәселелер талқыланады,  оның ішінде экономикалық даму,  инфрақұрылым мен ресурстық сектор, адамзаттық капиталды дамыту мәселелерін өңірге қаысты әлемдік елдер талқылайды.

"Қазірде  Жапония мен Оңтүстік Кореядан жаңа әсермен оралдым, барлық елде проблема бар, оны бірігіп шешу қажет. Қазақстанда өзекті  мәселелерді шешу үшін жиналғандарыңыз өте маңызды. Қазір сіздердің ұсыныстарыңыз өте маңызды",  - деді Н.Назарбаев.

Айта кетейік, Астана клубы - халықаралық пікірталас алаңы,  ол 2015 жылы Тұңғыш Президент қорының  жетекші халықаралық ғылыми орталықтардың бірігуімен құрылған болатын. Ең алғашқы отырыс  2015 жылдың қарашасында өтті, шараға  15 елдің  47 сарапшысы қатысты. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети