03 маусым 2017 15:36

Назарбаев Астанада "Ритц-Карлтон" қонақүйінің ашылу рәсіміне қатысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ақорданың баспасөз қызметі © Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада "Ритц-Карлтон" қонақүйінің ашылу рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
 
Елбасы Астанада бес жұлдызды алғашқы халықаралық премиум-класты қонақ үйдің ашылу рәсіміне қатысты. Қонақ үй Talan Towers көпфункционалды кешенінің ғимаратында орналасқан.

Нұрсұлтан Назарбаев астаналықтарды, инвесторларды және құрылысқа қатысқан барлық азаматтарды қонақ үйдің ашылуымен құттықтады.

"ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі қарсаңында елорда тұрғындарына тағы бір сыйлық жасалды. Бұл - әлемдік деңгейдегі "Ритц-Карлтон" қонақ үйі. Оның құрылысына сапалы технологиялар мен стандарттар қолданылып, қысқа мерзім ішінде бой көтерді. Бұл - қала инфрақұрылымына салынған зор инвестиция", - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті Астананың жоғары деңгейлі қонақ үй кешеніне ие болғанын атап өтті. 

"Қонақ үй құрылысына Қазақстанның компаниялары қатысты. Жаңа ғимаратта ең жоғары дейгейдегі іс-шараларды өткізіп, жоғары мәртебелі меймандарды қабылдауға қажетті барлық инфрақұрылым бар", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.  

© Ақорданың баспасөз қызметі

Сондай-ақ, Елбасы Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.  

Астананың сол жағалауындағы Talan Towers кешенінің жалпы алаңы - 120 мың шаршы метр. Онда Talan Towers Offices, "Ритц-Карлтон" қонақүйі, SPA орталығы, бизнес орталығы және Emporium сауда галереясы орналасқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.02   490.7   4.86 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети