06 наурыз 2017 21:43

Назарбаев Ауғанстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ашраф Ғанимен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ашраф Ғанимен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Әңгіме барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады. Көшбасшылар Ауғанстан Президентінің Қазақстанға 2015 жылғы қарашадағы ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысына көңілдері толатынын жеткізді. Атап айтқанда, соңғы уақытта өзара тауар айналымының көлемі айтарлықтай артқаны байқалып отыр.

Мемлекеттер басшылары биылғы 12 ақпанда Қазақстан мен Ауғанстан арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 25 жыл толуына орай бірін-бірі құттықтады.

Сондай-ақ, тараптар Қазақстан Республикасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Ауғанстан жөніндегі комитеттің төрағасы екенін ескеріп, Ауғанстандағы ахуалды талқылады.

Ауғанстан Президенті биыл Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесі отырысына, Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммитіне қатысатынын растады.

Телефон арқылы сөйлесуге Ауғанстан жағы бастамашы болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети