01 маусым 2017 12:34

Назарбаев Ауғанстан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ашраф Ғаниге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.


Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ашраф Ғаниге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

Жеделхатта Кабул қаласындағы террорлық акт салдарынан көптеген адамдардың қаза болып, зардап шеккені туралы хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған. 

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге, сондай-ақ қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтастығымды білдіремін. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін.

Елдеріміздің бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы күресте Ауғанстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға Қазақстан әрқашан дайын екенін атап өтемін", - делінген жеделхатта.

Еске салайық, Ауғанстан астанасы Кабул қаласында орналасқан Германия елшілігінің алдында жойқын жарылыс болған еді. Полициядағылардың айтуынша, дипломатиялық ғимараттың алдында жарылғыш зат орнатылған автомобиль жарылған. Жарылыс жергілікті уақыт бойынша, сағат 08.30-болды. Жарылыс салдарынан 10 шақты адам қаза тауып, 100-ден аса адам жараланды. Қазіргі уақытта ауруханаға 67 адам жеткізілген.

Кабулда жойқын жарылыстың салдарынан Қазақстанның екі азаматы зардап шекті. Оның айтуынша, қазақстандықтар жарылыс болған жерден 50 метр қашықтықтағы қонақүйде болған. 

"Біреуі - 1982 жылғы, терезенің шишасы оның басына кіріп кеткен. Тағы біреуі 1991 жылғы азаматтың аяғы жараланған. Оларға медициналық көмек көрсетілді, қазіргі уақытта олар қауіпсіз жерде. Жарақат алған екеуімен де қазақстандық дипломаттар үнемі хабарласып, көмек көрсетіп жатыр", - деді Жайнақов. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети