10 желтоқсан 2021 16:02

Назарбаев Әзірбайжанды ЕАЭО-ға бақылаушы ретінде шақыруды ұсынды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

ЕАЭО-ның құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев елді Еуразиялық экономикалық одақтың бақылаушы мемлекеттері тізіміне енгізу үшін Әзірбайжанмен келіссөздер жүргізуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ЕАЭО-ның құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев елді Еуразиялық экономикалық одақтың бақылаушы мемлекеттері тізіміне енгізу үшін Әзірбайжанмен келіссөздер жүргізуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен көпжылдық келіспеушіліктен кейін Армения мен Әзірбайжан арасындағы қарым-қатынасты құптаймын. Менің ойымша, бәріміз солай санаймыз. Бұл ретте, бұрын айтылғандай, Әзірбайжан Республикасымен де бақылаушы ел болу үшін келіссөздер жүргізуге болады деп есептеймін", - деді Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында сөйлеген сөзінде.

Ол бұған дейін ЕАЭО жанындағы бақылаушы мәртебесін алған Өзбекстанды мысалға келтірді.

"Өзбекстанның үлгісі шабыттандыруы керек. Менің ойымша, Өзбекстан Республикасы көп жеңіске жетті", - деді Назарбаев.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті ЕАЭО жұмыс істеу кезінде Одақ мүшелері сенімді серіктес, бір-біріне тиімді көмек көрсететін қызметкерлер екенін растағанын атап өтті.

"Бүгінде COVID-19 пандемиясының жаһандық сын-қатеріне байланысты бізге одан да көп ынтымақтастық қажет", - деп қосты ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети