13 шілде 2016 21:42

Назарбаев Әзірбайжанға күзде барады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vzglyad.az © vzglyad.az

2016 жылғы 13 шілдеде Астана қаласында өткен Каспий маңы мемлекеттері Сыртқы істер министрлерінің кеңесі аясында Қазақстан Республикасының сыртқы саясат ведомствосының басшысы Ерлан Ыдырысов Түркменстан Республикасының сыртқы істер министрі, Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Рашид Мередовпен, Иран Ислам Республикасының сыртқы істер министрі Мұхаммед Джавад Зарифпен және Әзербайжан Республикасының сыртқы істер министрі Эльмар Мамедъяровпен екіжақты кездесулер өткізді.

Ыдырысов Мередовпен кездесу барысында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелерін сайлау барысында Қазақстанның кандидатурасын қолдағаны үшін түрікмен тарапына алғысын білдірді. Ол осы лауазымдағы Астананың қызмет басымдары туралы әңгімелеп, осы алаңдағы мәселелерді Орталық Азия өңіріндегі барлық мемлекеттердің мүдделерін ескере отырып шешуге дайындығын баса айтты.

Сондай-ақ, министрлер Халықаралық Аралды құтқару қоры аясындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын қарастырды.

Зарифпен кездесу барысында тараптар екіжақты саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету  мәселелерін талқылап, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылдың сәуір айында өткен сапардың  екі мемлекет арасындағы әріптестік пен достықты нығайту мен экономикалық және өңірлік өзара іс-қимылды кеңейту үшін маңызды болғанын атап өтті.

Зариф Алматыда өткен Иран мен бәтуаластыққа қол жеткізуге және Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі жағдайды реттеу жөніндегі Жан-жақты қамтылған бірлескен іс-қимылдар жоспарын қабылдауға үлес қосқан алты дәнекерші ел арасындағы келіссөздердің ерекше рөлін баса айтты.

Тараптар екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстардың жаңа сапалы деңгейге шыққаны туралы айтты. Бұған екі елдің іскерлік топтары өкілдерінің белсенділігі жәрдем етті.

Мамедъяровпен кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмеге дайындық барысы, сондай-ақ оған Әзірбайжанның қатысуы талқыланды. Ал 2016 жылы күзге жоспарланған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Әзірбайжанға сапарына дайындық кездесудің жеке тақырыбы болды. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети