Назарбаев Дәурен Абаевты қабылдады

23 Тамыз 2017, 13:46
0
Назарбаев Дәурен Абаевты қабылдады - © Akorda.kz
© Akorda.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу барысы туралы баяндалды.

Қазақстан Президенті жаһандық бәсекелестіктің артуы жағдайында экономиканы ауқымды түрде цифрландырудың өзектілігін атап өтті.

"Бүгінде бұл мәселе алдыңғы орынға шықты. Бүкіл әлем осы бағытқа қарай жылжуда. Біз де қалмауға тиіспіз. Бұл - аса күрделі міндет. Барлық ведомстволар, министрліктер және өңірлер үйлесімді жұмыс жүргізуі керек", - деді Елбасы.

Ақпарат және коммуникациялар министрі Мемлекет басшысына жаңа бағдарламада көзделген төрт басым бағыт жөнінде айтты.

"Біз қазір бағдарлама жобасын барлық мүдделі тараппен бірге талқыладық. "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы арқылы негізгі 4 жұмыс бағыты қарастырылады. Олар: инфрақұрылымды дамыту, адам капиталын жақсарту, экономика салаларын цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру", - деді Абаев.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай