Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Назарбаев депутаттарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

29 Желтоқсан 2015, 12:32
3
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев депутаттарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Құттықтауды Елбасы атынан Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев оқыды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жоғарғы және төменгі палата депутаттарының жиыны бүгін, 29 желтоқсанда болды. Мемлекет басшысы Сенат және Мәжіліс депуттатарын Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, депутаттық корпусқа құрылымдық жұмыстары үшін алғыс айтты.

"(...) Биыл Президент сайлауы өтті, ол қоғамымыздың тұтастығын, елді жаңғырту үшін таңдап алған бағытымыздың дұрыстығын дәлелдеп берді. Бұл жыл тарихи жадыны жаңғырту, мемлекеттілікті жалпыұлттық бірлікті нығайту рухында өтті", - делінген Президент құттықтауында.

Президент биыл өткен ерекше шараларға Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы мен Ата заңымыздың 20 жылдығын, Қазақ хандығының 550 жылдығын және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын жатқызды.

"Елді индустриалды-инновациялық және инфрақұрылымдық дамыту ісінде маңызды нәтижелерге қол жеткізілді. Мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерінен бас тартқан жоқ. Қазақстандықтар ертеңгі күнге нық сенімді. Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы экономикалық интеграция одан ары жалғасты. Сондай-ақ, еліміз Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болды. Қазақстан сыртқы нарықтардағы қолайсыз ықпалдарға қарамастан экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтап қалды. Бұған республика Парламентінің заң шығарушылық жемісті жұмысы елеулі септігін тигізді. Ағымдағы әлеуметтік-экономикалық шаралар үшін де, 5 инстиуттық реформа жүзеге асыру үшін де жедел және сапалы құқықтық негіз қаланды. Осы орайда, бүкіл депутаттық корпусқа, Сенат және Мәжіліс аппараттарының қызметкерлеріне сындарлы жұмысы және мемлекетіміздің өркендеуіне қосқан баға жетпес үлестері үшін ризашылығымды білдіремін. Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын. Баршаңызға мықты денсаулық, республикамызды дамыту жолындағы еңбектеріңізге кәсіби табыс, отбасылық игілік пен бақ-береке тілеймін", - делінген Елбасы құттықтауында.

Мәжіліс пикері Қабиболла Жақыпов та ұжымдастарын құттықтады.

"Мемлекет басшысы биыл Парламенттің екі палатасының жұмысына бірнеше рет жоғары баға берді. Бұл біз үшін үлкен жетістік, сонымен қатар жауапкершілік. Біздің атысыздан Мемлекет басшысына бізге берген жоғары бағасы және құттықтауы үшін алғыс айтуға рұқсат етіңіздер. Біз алдағы уақытта да Президенттің үмітін ақтауға тиіспіз", - деді Жақыпов.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай