16 қараша 2015 13:45

Назарбаев Франция елшілігіне барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Франция елшілігіне барды. © Тұрар Қазанғапов Назарбаев Франция елшілігіне барды. © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Францияның Қазақстандағы елшілігіне барып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды. Бұл туралы Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасы хабарлады. 


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Францияның Қазақстандағы елшілігіне барып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды. Бұл туралы Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасы хабарлады. 

"Осы азалы күндері біз Франция халқымен біргеміз. Бұл ел әлемдік тарих пен мәдениет ошақтарының бірі саналады. Сондықтан мұндай оқиға біздің бәрімізге де ауыр тиеді. Бұл наразылық пен қынжылыс тудырып қана қоймайды, барша адамзатты осындай әрекеттерге қарсы күресуге үндейді. Терроризмнің ұлты мен діні болмайды. Бұл - жалпыға ортақ қасірет. Біріккен Ұлттар Ұйымының таяуда өткен сессиясында мен "Ислам терроризмге қарсы" форумын ұйымдастыру, сондай-ақ осынау зұлымдықпен күрестің дүниежүзілік желісін құру туралы ұсыныс айттым", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, ҚР Президенті Парижде болған террорлық актілерге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдаған еді. Жеделхатта Париж қаласында жасалған жантүршігерлік әрекеттер салдарынан көп адамның қаза болғаны туралы суыт хабарды Мемлекет басшысы зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.


© Тұрар Қазанғапов

Соңғы ақпарат бойынша, Францияда болған бірнеше террорлық актіден 129 адам қаза тауып, 352 адам жараланған. Белгісіз біреулер ең алдымен қаладағы мейрамханалардың біріне шабуыл жасады. Сонымен қатар, Франция-Германия матчы өтіп жатқан "Стад де Франс" стадионының маңынан да жарылыстың дыбысы естілді. Лаңкестер "Батаклан" театрында адамдарды кепілге алды.

"Батаклан" театрының өзінде 90 адам қаза тапты. Олардың ішінде Бельгия, Румыния, Тунис, Испания, Швеция, Португалия, АҚШ және ресейлік бір азамат бар. Террорлық актілерді ДАИШ ұйымы мойнына алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети