21 желтоқсан 2017 17:06

Назарбаев Франция президентін Астанаға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі © ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Елисей сарайында Қазақстан Республикасының Елшісі Жан Ғалиев Француз Республикасының президенті Эммануэль Макронға сенім грамотасын тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Елисей сарайында Қазақстан Республикасының Елшісі Жан Ғалиев Француз Республикасының президенті Эммануэль Макронға сенім грамотасын тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында Елші Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың француз көшбасшысын Астанаға сапармен келуге шақыруын растады. Эммануэль Макрон оны алғыспен қабылдады. Жан Ғалиев екі мемлекет арасында 25 жылдан астам дипломатиялық қатынастары арқасында өзара тиімді және сенімді ынтымақтастықтың дамуын атап өтіп, бүгінде елдеріміз стратегиялық серіктес болғанын айтты. Ол алдағы уақытта әрекеттесудің барлық салаларын кеңейту мен нығайту, сондай-ақ оны жаңа сапалы мазмұнмен толтыру қатынасында керекті күш салынады деп сендірді.

Президент Эммануэль Макрон әлемдік және өңірлік мәні бар өзекті мәселелерді шешудегі Қазақстан рөлінің өсіп жатқандығын жоғары бағалады. Ол Астанада сирияаралық келіссөздер жүргізудің маңыздылығын жеке атап өтті.

Франция көшбасшысы 2018 жыл стратегиялық серіктестік туралы Шартына қол қойылғанының 10 жылдығына арналатынын атап өтті, сонымен қатар оны екіжақты форматта, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберінде қарқындатуды қолдайтынын айтып өтті.

Әңгімелесу қорытындысы ретінде Эммануэль  Макрон Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жылы сәлем жолдап, жақын уақытта Қазақстан көшбасшысымен кездесу үмітін білдірді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети