09 маусым 2017 14:02

Назарбаев: Ислам әлемінде орын алып отырған қарама-қайшылықтар қатты алаңдатады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Мемлекет басшысы кездесуде Сыртқы істер министрінің орынбасарына Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кеңесіне және "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінің ашылуына қатысуға келгені үшін алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Иранда өткен сайлауда қазіргі Президент Хасан Руханидің жеңіске жеткені туралы хабарды ризашылықпен қабылдағанын атап өтті.   

"Мені ислам әлемінде орын алып отырған қарама-қайшылықтар қатты алаңдатады. Өзара түсіністік пен сенім тезірек орнайды деп үміттенемін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.  

Сыртқы істер министрінің орынбасары Қазақстан Президентіне қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

"Елдеріміз арасындағы қарым-қатынастар жоғары деңгейде. Сіздің және Иран Президентінің өзара сапарларыңыздың арқасында олар қарқынды дамуда", - деді И.Рахимпур.   

Сондай-ақ, И.Рахимпур Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети